«ҚазАқпарат» ХАА Еуразиялық экономикалық комиссия марапатына ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өтіп жатқан «Еуразиялық апталық» аясында Еуразиялық экономикалық комиссия интеграциялық мәселелер жайында қалам тербеп жүрген бірқатар БАҚ өкілдерін марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Жемісті ынтымақтастық үшін алғысымды білдіремін,  ақпараттық кеңістікте Сізге және Сіздің әріптестеріңізге шығармашылық табыстар тілеймін»,-деп атап өтілген Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянның құттықтауында.

Грамоталармен, алғыс хаттармен және арнайы жасалған мүсіншелермен марапатталғандар арасында «ҚазАқпарат» ХАА бас редакторы Бибинор Сұлтанқызы да бар.

Мұнымен қоса, «Хабар» телеарнасы, «Казахстанская правда» газеті, «Эксперт Казахстан» журналы, «Деловая Евразия» сараптамалық ресурсы, «Кабар» агенттігі,  «Россия сегодня» ХАА, «Белта»  агенттігі, Беларусь Республикасының ұлттық телерадиокомпаниясы, «Россия-24» телеарнасы, «МИР» телеарнасы, «Интерфакс» агенттігі, «ТАСС» агенттігі, «КоммерсантЪ», «АрмИнфо» агенттігі және ЕАЭО аумағындағы өзге де БАҚ-тар марапатқа ие болды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, осы аптада жыл сайынғы «Еуразиялық апталық» халықаралық форум жұмысын бастады. Шараны Еуразиялық экономикалық одақ елдері ұйымдастырып отыр.

Форумға қатысу үшін Астанаға  әлемнің 42 елінен мемлекеттік билік органдарының, іскерлік топтар мен бизнес қоғамдастықтың өкілдері келді. Жалпы  шараға екі мыңнан астам адам жиналды. «Еуразиялық апталық» бағдарламасына 30-дан астам пікір алмасу шаралары қамтылады. Осы ретте ЕАЭО-ның ортақ нарығына қатысты экономиканың 13 саласындағы мәселелер талқыланады. Панельдік талқылаулар, семинарлар мен дөңгелек үстел отырыстарында 17 елден келген  300-ден астам спикер сөз сөйлейді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар