«ҚазАқпарат» ХАА қызметкерлері Әсем Шаяхметоваға алғашқылардың бірі болып қан тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА қызметкерлері - үйлестіру-анықтамалық бөлімінің бастығы және үйлестіруші Ажар Шәкібаева Жамбыл облысындағы АН-2 ұшақ апатынан аман қалған жалғыз Әсем Шаяхметоваға алғашқылардың бірі болып қан тапсырды.

«ҚазАқпарат» ХАА қызметкерлері Әсем Шаяхметоваға  алғашқылардың бірі болып қан тапсырды

«Таңертеңнен бастап елордалық қан тапсыру орталығында Әсем Шаяхметоваға қан тапсыруға тілек білдірген көптеген адамдар жиналды. Олардың ішінде «Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлері де бар. Әсемге 4-ші оң резусты қан тобы қажет», - деп атап өтті «ҚазАқпарат» ХАА үйлестіру-анықтамалық бөлімінің бастығы Жанар Бұжымова.

Еске салсақ, кеше таңертеңгі сағат 5.36-да санитарлық авиация Астанаға ұшақ апатынан зардап шеккен Әсем Шаяхметованы жеткізді. Алдын ала диагнозы - жабық ми жарақаты, миы шайқалған, оң сан сүйегі, оң жіліншігі сынған, сол жіліншігінің жабық сынығы. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды.

«Бастысы, оның аман қалғандығы», - деп атап өтті агенттік тілшісімен әңгімелесу барысында Әсемнің әкесі.

29 жастағы Әсем Шаяхметова «Қазақмыс» корпорациясының «Балқаштүстіметалл» бас геологы болып істейді.

Ұшақ бортында жеті адам болған - «Қазақмыс» корпорациясынан төрт адам және үш экипаж мүшесі. Алты адам көз жұмды: техникалық даму департаментінің директоры Г.Т.Төлеубаев, «Балқаштүстімет» ӨБ-інің бас механигі Е.Б.Ибраев, «Балқаштүстімет» ӨБ-інің техникалық және инвестициялық жоспарлау бөлімінің бастығы Ұ.Х.Есмағанбетов, сондай-ақ барлық экипаж мүшелері - АН-2 командирі В.Г.Клюшев, екінші ұшқыш В.П.Савельев және борт механигі В.И.Литвинов қаза тапты.