«ҚазАқпарат» ХАА сайтына DDoS-шабуылы жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 29 қазанда, сағат 12.40-тан 16.45-ке дейін «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінің сайтына DDoS-шабуылы жасалды.
Осыған байланысты жұмыс тоқтатылды.
Уақытша техникалық жайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Қазір сайт тәулік бойы - бұрынғы деңгейінде жұмыс істеуін жалғастырды.
DDoS-шабуылы ең көп таралған, қауіпті желілік шабуыл болып табылады, оның салдарынан заңды пайдаланушылар, желілер, жүйелер және өзге де ресурстар бұзылып, толықтай жабылып қалады.