«ҚазАқпарат» ХАА шеф-редакторы Р. Нүсіпбек сөзін жазған ән «Ән-жүрегім, Астана!» конкурсының Гран-при жүлдесін жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА сайты араб-қытай нұсқасының шеф-редакторы Ризабек Нүсіпбектің сөзіне жазылған Мейіржан Әлиакбаровтың «Астанам» әні "Ән жүрегім, Астана!" конкурсында бас жүлдені еншіледі.
Еске сала кетсек, Астана күні қарсаңында «Ән жүрегім, Астана!» республикалық ән байқауының қатысушылары тыңдаушылар назарына елорда туралы 25 авторлық ән ұсынған болатын.
Кеше өткен Гала-концертте байқауда топ жарған орындаушылардың есімдері аталды.
Орал қаласының әншісі Нұрсұлтан Қарабалиев Гран-приді жеңіп алды.
Астаналық «Тенгри» тобы бірінші орынды иеленсе, екінші орын елордалық «Ұмай» тобына бұйырды. Ал үшінші орынды қостанайлық Әсел Іргебай алды.