«ҚазАқпарат» ХАА Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми ақпараттық әріптесі атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті мен «ҚазАқпарат» ХАА ақпараттық Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Келісімге Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің бас директоры Серік Қасқабасов және «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры Асқар Умаров қол қойды. Ынтымақтастық аясында ҚазАқпарат «Спорт-Информ» спорттық ақпарат агенттігі арқылы Ұлттық Олимпиада комитетіне қазақстандық атлеттер қатысатын жарыстардан, сондай-а ҰОК-нің басшылығымен өтетін барлық шаралардан хабар тарату бойынша қолдау көрсетеді.

null  

Қос тарап Қазақстанда олимпиадалық қозғалыс пен олимпиадалық құндылықтарды насихаттау, қазақстандық спортшылар мен олимпиадалық спорт түрлерінен ҚР ұлттық құрама командалардың жетістіктері туралы ақпараттық-насихаттау жұмыстарын бірлесіп жүзеге асыру туралы уағдаласты.

null 

«Келер жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті үшін ақпараттық ашықтық саясаты ерекше маңызды болмақ. Бұл Қазақстанның ҰОК президенті Тимур Құлыбаевтың қойып отырған міндеттерінің бірі. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бюджеттік кодекстің нормасы күшіне енеді. Оған сәйкес Ұлттық Олимпиада комитеті пен Ұлттық спорт федерацияларға жаңа өкілеттіліктер беріледі. Сонымен қатар қысқы Олимпиада ойындарына бір айдан астам ғана уақыт қалды. Осы келісімнің аясында қазақстандық спортшылардың Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындарындағы өнер көрсетуінен толыққанды ақпараттандыру жұмысы болатынына сенімдімін», - деді Серік Қасқабасов.

null 

Айта кетелік, «ҚазАқпарат» ХАА ҰОК-тің «Ресми ақпараттық әріптесі» мәртебесін алған алғашқы БАҚ өкілдерінің бірі болды. 

Соңғы жаңалықтар