«ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі өзінің оқырмандарын Жаңа жылмен құттықтайды

2013 жыл жаңалыққа толы болды. Олардың арасында жаңалықтар лентасынан орын алмаған, тікелей ҚазАқпаратқа қатысты көп өзгерістер болды. Жаңа жыл қарсаңында компания халықаралық ақпараттық агенттік болып қайта құрылды, сонымен бірге Астананың Сол жағалауындағы «Алтын Орда» бизнес орталығының жаңа ғимаратынан орын тепті.
Өздеріңіз куә болып отырғаныңыздай, бізде жаңалық көп! Алайда, өткен жылдар ішінде жинақтаған басты құндылығымыз - бай тәжірибе мен біздің клиенттерімізді 2013 жылы жоғалтқан жоқпыз, керісінше, молайта түстік.
Масс-медиа саласында жұмыс жасай отырып, сіздер біздің жеделдігімізді, шынайылығымызды, объективтілігімізді бағалағандықтарыңыз секілді біз де сіздердің сенімдеріңізді жоғары бағалаймыз! Сондықтан біздің достарымызға шын жүректен тек қана оңды жаңалықтар тілейміз! Жаңа жыл сіздер мен сіздердің жақындарыңызға жаңа бақыт, құт, береке әкелсін!
2014 жыл - жылқы жылы, сондықтан Қазақстан үшін ол бақуатты, бақытты жыл болады деп сенеміз. Өйткені, қазақ үшін жылқы жануары деген сенімді серік, көмекші, ең бастысы, ол - қазақ халқының басты құндылығы десек қателеспеспіз. Себебі, ежелгі дәуірден (Science журналының хабарлауынша, жақында британдық ғалымдар жылқы жануарының 5,5 мың жыл бұрын Солтүстік Қазақстан аумағында алғаш рет қолға үйретілгенін анықтады) жылқыны адам баласы «мінсең - көлік, жесең - ас» деп жоғары бағалаған.
Қазақ тілінде жылқы сөзінің сексенге жуық синонимі кездеседі!
Келер жылға артқан сеніміміз ақталсын. Киелі жануар біздерге денсаулық, бақыт, шаттық алып келсін!
Ізгі ниетпен, «ҚазАқпарат» ұжымы!