«ҚазАқпарат» - қоғамның тыныс-тіршілігі туралы жедел әрі сенімді ақпарат таратып отырған бірегей БАҚ - ғарышкер, ҚР Халық Қаһарманы Т.Мұсабаев
««ҚазАқпарат» бір ғасырға жуық уақыт бойы саясат, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, еліміздің ғарыш қызметі жайлы, сондай-ақ «Байқоңыр» кешенінің және қоғамның өзге де тыныс-тіршілігі туралы жедел әрі сенімді ақпарат таратып отырған - бірегей бұқаралық ақпарат құралы. Жаңалықтарыңыз қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көріп, сондай-ақ шетелде тұратын қандастарымыз үшін қазақша жаңалықтар латын графикасы мен арабша төте жазуына аударылып беріліп отыр. Журналистика саласының үздік дәстүрінің сақталуы, сапалы контент өндіру, технологиялық базаны жақсарту және кәсіби топтың реттелген жұмысы - ақпарат агенттігінің қызметінің жоғары нәтижелеріне қол жеткізуіне үлкен септігін тигізетіні сөзсіз», - делінген құттықтау хатта.
Сондай-ақ, Қазғарыш Төрағасы: «Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектеріңіздің Қазақстанның нығаюында өзіндік үлесі бар. Осынау игілікті істерде қанаттарыңыз талмасын, қажыр-қайраттарыңыз қашанда арта берсін! Шығармашылық табыстар тілеймін!» - деп ықыласын білдірген.