«ҚазАқпарат» командасы «Арна Медиа» холдингі еншілес компанияларының арасында өткен тілдер конкурсында жеңімпаз атанды

АНА. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат  - Бүгін «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ-ның еншілес компаниялары арасында тіл конкурсы өтіп, онда төрешілер шешімі бойынша Қазақ ақпарат агенттігі мен «Хабар» телеарнасы бірінші орынды бөлісті,

«ҚазАқпарат» командасы «Арна Медиа» холдингі еншілес компанияларының арасында өткен тілдер конкурсында жеңімпаз атанды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ал, екінші орынды Қазақтелерадиосы еншілесе, үшінші орынға «Казахстанская правда» газеті табан тіреді. Жалпы сайысқа аталған холдингтің 8 еншілес компаниясының өкілдері қатысқан болатын. Жарыс 4 кезең бойынша өтті. Алғашқы кезеңде қатысушы командалар «үй тапсырмасы» бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өздерін таныстырса, 2-3-інші кезеңдерде үш тіл бойынша өздерінің білімдерін көрсетті. Ал соңғы кезеңде Қазақстанда өмір сүретін бір ұлт өкілі туралы мағлұмат беріп, олардың киім үлгісін, тамақ мәзірін көрсетті. Сайыс барысында украин, корей, неміс, қарашай-балқар, өзбек ұлттарының салт-дәстүрі көрініс тапты. Осы орайда балқар ұлтының киім үлгісін, тамақ мәзірін, өнерін  көрсеткен «ҚазАқпараттықтар» көрермендердің ілтипатына бөленді.

Жарыс қорытындысында сөз алған «Арна Медиа» АҚ басқармасының төрағасы Ерлан Байжанов  болашақта холдингте мұндай шаралардың жүйелі өтіп тұратындығын, осы орайда жарыс соңында холдингтің еншілес компанияларының ортақ әнұраны болғаны оңды болатындығын атап өтті.