«ҚазАқпарат» қысқы Олимпиада ойындарынан тікелей ақпарат алатын жүйеге қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА Корея Республикасының «Yonhap» ірі ақпарат агенттігімен келісім жасады. Келісімге сәйкес, «ҚазАқпарат» Yonhap агенттігінің PyeongChang News Service Network (PNN - «Пхёнчхан ақпараттар желісі») жүйесіне қосылатын болады.
None
None

Тоқтала кететін жайт, 2018 жылдың ақпан-наурыз айларында Кореяның Пхёнчхан қаласында қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындары өтеді. Ал Yonhap агенттігі PNN жүйесі арқылы әлемнің ақпарат агенттіктеріне қысқы Олимпиада ойындарынан жаңалықтар, фотографиялар, бейне-роликтер мен ақпараттар тарататын болады. Осыған байланысты «ҚазАқпарат» ХАА келісім аясында Олимпиада ойындары барысынан қажетті ақпарат өнімдерін дер кезінде алу мүмкіндігіне ие болып отыр.

«ҚазАқпарат» пен Yonhap агенттктері келісім жасай отырып, PNN желісінің қысқы Олимпиада ойындарынан хабар таратуға ғана емес, мемлекеттердің екіжақты қарым-қатынастарын нығайтуға да септігін тигізетінін атап өтті. Бұл ретте PNN желісі Олимпиада мен Паралимпиада ойындары аяқталғаннан кейін де ақпарат алмасудың платформасы ретінде пайдаланылмақ.

Айта кетейік, Кореяның жетекші ақпарат агенттігі Yonhap-тың негізі 1980 жылы 19 желтоқсанда «Хаптон» және «Тонъян» агенттіктерін біріктіру нәтижесінде қаланған болатын.

Соңғы жаңалықтар