ҚазАқпарат неміс ақпарат агенттігімен ынтымақтастық орнатты

Шара аясында «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің басшысы Асқар Умаров Германияның DPA ақпарат агенттігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«Бұл меморандум ақпарат алмасу, бірлескен ақпараттық жобаларды құру мүмкіндігі жөнінде ынтымақтастықтың басталуын білдіреді. Жыл соңына дейін кеңейтілген құрамда кездесіп, бірлескен жобаларды, сонымен бірге ақпарат алмасудың коммерциялық және коммерциялық емес әдістерін талқылауды жоспарлап отырмыз», - деді А.Умаров.
Аталған меморандумнан бөлек, түрлі саладағы қазақстандық-германиялық кәсіпорындар арасында ынтымақтастық туралы құны 973 миллион еуро болатын тағы 20 құжатқа қол қойылды.
Атап айтқанда, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен германиялық DENA энергетикалық агенттігімен энергия үнемділік саласында өзара ынтымақтастық орнату, Қазақстан мен Германияның машина жасау одағымен машина жасау саласында өзара әрекеттестік және ынтымақтастық орнату, ҚР ИДМ Инвестиция комитетімен «Asadel International B.V» компаниясымен өзара ынтымақтастық орнату, ҚРИДМ Инвестиция комитеті мен «Heildelbergcement» компаниясы арасында өзара ынтымақтастық орнату меморандумдарына, Қазақстандағы «LindeGroup» компаниясының қызметіне қолдау көрсету мақсатында «KazakhInvest» АҚ мен LindeGroup арасындағы өзара ынтымақтастық туралы шектелмелі келісімге, «ArcelorMittalTemirtau»АҚ және «LindeGroup» компаниясы арасында өндірістік газбен жабдықтау туралы келісімге және «HILL» ЖШС (ОҚО) мен LindeGroup компаниясы арасында сутекпен жабдықтау туралы алдын ала келісімге, «Самұрық-Энерго» АҚ және WindPower GmbH компаниясы арасындағы Алматы облысында күн энергостанциясының құрылысы туралы, «Казводхоз» РМК мен Wind Power GmbH компаниясының Оңтүстік Қазақстан облысы Өгем өзеніне су электр станциясын тұрғызу туралы меморандумдарға, «Қазгеология» АҚ және «ULMUS Kazakhstan» ЖШС арасында геологиялық барлау саласындағы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және Мюнхен технологиялық университетінің еншілес ұйымы «TUM International» арасында «МТУөндірістік-білім беру және инновациялық орталығын» және «Кешенді оқыту орталығын» құру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға, «Агротехнологияларды трансферттеу мен коммерцияландыру орталығы» ЖШС және Bosch&Schorle GmbH компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы шекті келісімге, «Промондис Қазақстан» ЖШС және NwComp Solar GmbH компаниясы арасында Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында қуаттылығы 25 МВт болатын күн электр станциясының құрылысы туралы келісімге, «Промондис Қазақстан» ЖШС және NwComp Solar GmbHкомпаниясы арасында Алматы облысының Жамбыл ауданында қуаттылығы 25 МВт болатын күн электр станциясының құрылысы туралы келісімге, «KaDi» компаниясы» ЖШС және NwComp Solar GmbH компаниясы арасында Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай ауданында қуаттылығы 5 МВт күн энергиясы паркін салу туралы келісімге, «Қазақстанның индустрияны дамыту институты» АҚ мен Автоматизациялау және өндірісті жедел басқару жөніндегі Фраунгофер институты Industry 4.0 саласында өзара ынтымақтастық орнату, Оқ-дәрілерді кәдеге жарату сұрақтары бойынша әрі Қазақстанда оқ-дәрілерді кәдеге жарататын орталық құру жөнінде ниет туралы шартына, Жамбылоблысында «Күйдіргіш сода мен хлор дайындау» жобасын жүзеге асыру туралы келісімге, Қазақстанның баламалы энергетика қауымдастығы мен Германияның күн энергиясы қауымдастығы (BSW-Solar) арасында өзара ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойылды.
ҚР Инвестициялар жәнедаму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан экономикасы үшін ірі неміс компанияларының маңызды инвесторлар екенін атап өтті.
«Бүгінде ҚР Үкіметі елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Биыл біз Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы инвестициялар комитетінің қауымдастырылған мүшесі болдық. 2005 жылдан бері Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 250 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл Орталық Азия аймағындағы үздік көрсеткіш», - деді министр.