ҚазАқпарат пен China News Service өзара түсіністік меморандумына қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі мен China News Service мемлекеттік агенттігі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

ҚазАқпарат пен China News Service өзара түсіністік меморандумына қол қойды

Меморандумға «ҚазАқпарат» ХАА бас редакторы Бибинор Тәнелбаева және China News Service бас редакторының орынбасары Джан Лый қол қойды. Осылайша тараптар Қазақстан мен ҚХР арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ақпарат алмасу саласындағы екіжақты кәсіби ықпалдастықты нығайтуға және дамытуға өз мүдделілігін білдірді.

Ақпарат агенттіктері ақпараттық кеңістікті дамыту мақсатында, мәдени, экономикалық, спорт және саяси мәселелер жөнінен бұқаралық ақпарат құралдарында объективті әрі кәсіби ақпарат таратуға жағдай жасап, біріккен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Өзара түсініктік туралы осы меморандум аясында «ҚазАқпарат» ХАА мен China News Service өзара теңдік, құрмет және тиімділік негізінде Ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасуға ниетті.

The China News Service  - бұл Қытайдағы ең ірі мемлекеттік ақпараттық агенттіктердің бірі.