ҚазАқпарат сайтынан президенттікке кандидаттарға интернет-алаң беру шарттары

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ 2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің www.inform.kz сайтында интернет-алаңдарын ұсынудың жалпы шарттарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚазАқпарат сайтынан президенттікке кандидаттарға интернет-алаң беру шарттары

«Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ – www.inform.kz сайты бар (бұдан әрі - Сайт) «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің иесі, 28.09.1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі-Үгіт материалдары) орналастыру үшін Сайтта интернет-алаңдарды ұсынудың төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.

Сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады, осылайша, үгіт материалдарын Сайтқа орналастыру 2022 жылғы 21 қазан сағат 18.00-ден 2022 жылғы 19 қараша сағат 00.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Сайт интернет-алаңды жазбаша өтініш пен Сайт иесі мен Кандидат арасында не кандидаттың уәкілетті өкілімен жасалатын шарт негізінде ұсынады. Үгіт материалдарының саны мен орналастыру кезеңі Кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар шарттың талаптарымен бекітіледі.

Өтініш Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмірі мен келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжат көшірмесі;

3) өтініш беруші тұлға, жеке куәлігінің көшірмесі;

4) шарт жасасу үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің түсу тәртібімен, не егер өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын Сайт айқындайды.

Үгіт материалдарына қойылатын талаптар тарифтерге қосымшада көрсетілген. Үгіт материалдарында олардың төленгені, қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпарат болуға тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Сайттың меншік иесі үгіт материалдарын, егер оларда республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды қоздыру, заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құралымдар құру идеялары болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда орналастырудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет-алаңдарды беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Кандидаттардың не олардың уәкілетті өкілдерінің үгіт материалдарын «ҚазАқапарат» халықаралық ақпарат агенттігінің сайтында орналастыру

1. www.inform.kz сайтында орналастыру

2. www.inform.kz сайтында баннерлік жарнама

3.Қазақпараттың әлеуметтік желілерінде орналастыру

Жазбаша өтініштерді Сайт иесі 2022 жылғы 18 қазаннан бастап 2022 жылғы 15 қарашаны қоса алғанда, демалыс және мереке күндерінен басқа, Астана қаласы, Ақмешіт көшесі 3, PARKLINE БО, 2 қабат, 206 кеңсе мекенжайы бойынша сағат 10:00 минуттан сағат 18:00 минутқа дейін қабылдайды, телефондары: 8 (7172) 95 40 59.

Факсимильді және интернет байланысы арқылы жазбаша өтініштер қабылданбайды.