ҚазАқпарат тілшісі ҚР-ында трансплантология проблемаларын жариялау жөніндегі үздік материалдарға арналған конкурста жеңімпаз атанды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - А.Сызғанов атындағы ұлттық хирургия ғылыми орталығы ҚР-ында трансплантология проблемаларын жариялайтын үздік жұмыстардың «Жүректен жүрекке» атты журналистер арасындағы тоқсан сайынғы конкурсының қорытындыларын шығарды.

ҚазАқпарат тілшісі ҚР-ында трансплантология проблемаларын жариялау жөніндегі үздік материалдарға арналған конкурста жеңімпаз атанды

«ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Гүлмира Ғосманали қазақ тіліндегі «Интернеттегі үздік жарияланым» аталымында жеңімпаз атанды.

Конкурс үш аталымда өткізіледі: «Үздік телевизиялық материал», «Баспа БАҚ-тарындағы үздік материал» және «Радиоэфирдегі немесе Интернет-басылымдағы үздік материал».

Жеңімпаздарға ескерткіш дипломдар мен ақшалай жүлделер берілді.