«ҚазАқпарат» тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік журналистік мақалаларға жарияланған байқауда жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 маусым күні ҚР Мемлекеттік қызмет істер министрлігінде Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу құрметіне байланысты салтанатты жиын өтті.
None
None

Мемлекеттік қызмет істер министрі Т.Донақов барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, Ұлт Жоспарының бірінші институтционалды реформасын жүзеге асыру бойынша Министрліктің алдында ауқымды міңдеттер тұрғанын айрықша атап өтті.
Салтанатты жиын барысында Министр өзі басқарып отырған мекеменің бірқатар қызметшілерін құрмет грамоталарымен марапаттап, алғыс хат табыс етті.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеу мен Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жұмыстарға жарияланған байқауды қорытындылады.
Байқау үстіміздегі жылдың басында БАҚ-та қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға бағытталған тақырыптарды жан-жақты ақпараттық сүйемелдеу мақсатында жарияланған.

Конкурсқа Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан 62 журналисттің 157 жұмысы қабылданды.

Осылайша, «Үздік телевизиялық жұмыс» номинациясы бойынша:

1-ші орын «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының журналисті Құрымбаева Мөлдір Ерланқызына берілді;
2-ші орын «TVK» телеарнасының журналисті Жолымбетова Нұргүл Ерғалиқызына берілді;
3-ші орын «ТДК 42» телеарнасының журналисті Киреева Аиша Нурисафьевнаға берілді.

«Үздік баспа жарияланымы» номинациясы бойынша:

1-ші орын «Казахстанская правда» республикалық газетінің тілшісі Семенова Ольга Львовнаға берілді;
2 -ші орын «Туған өлке» газетінің Ахметов Ерлан Ахметсалімұлына берілді;
3 -ші орын «Халық» газетінің тілшісі Есімова Гауһарай Аманғалиқызына берілді.

«Үздік интернет жарияланымы» номинациясы бойынша:

1-ші орын «Сақ kz» интернет газетінің тілшісі Көшерова Гүлжан Жұмашқызына берілді;
2-ші орын «Kazinform» ақпараттық агенттігінің тілшісі Сабеков Серік Ермаханұлына берілді;
3 -ші орын «Tengrinews.kz» ақпараттық агенттігінің тілшісі Амрина Айым Оразалықызы берілді.

Конкурстың барлық жеңімпаздары бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар