Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«ҚазАқпарат» тілшісі «Тоғызқұмалақты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Тоғызқұмалақты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен ұлттық ойынның елімізде насихатталуы мен таралуына ат салысып жүрген азаматтар марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАқпарат» тілшісі «Тоғызқұмалақты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды

Осы орайда төсбелгі мен арнайы куәлікті Дүниежүзілік жəне республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов табыстады.

Марапатқа ие болғандардың арасында Тоғызқұмалақ федерациясының бірінші президенті, ҚРЕңбек сіңірген жаттықтырушы Несіп Жүнісбаев, тоғызқұмалақтан жаттықтырушысы əрі насихаттаушы-ардагері Серікбай Жаркешов, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы президентінің кеңесшісі, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мақсат Шотаев, сондай-ақ ұлттық ойынды насихаттаушы, «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Күнсұлтан Отарбай бар.


Марапаттау рәсімі елордадағы БҰҰ өкілдігінің ғимаратынында өтті.