ҚазАқпарат тілшісі журналистер арасындағы конкурста жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін "Бәйтерек" халықаралық медиа орталығында Астана тақырыбын үздік дәріптеген журналистер арасындағы байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан журналистер күні қарсаңындағы Астана қаласы әкімдігі жариялаған шығармашылық байқау Астана күніне арналған мерекелік шаралармен тұспа-тұс келді.

ҚазАқпарат тілшісі журналистер арасындағы конкурста жеңімпаз атанды

"Құрметті журналистер, сіздердің ару Астанамыз туралы жазған әрбір мақалаларыңыз, жасаған әрбір сюжеттеріңіз мыңдаған адамдардың елорда туралы түсінігін кеңейте түсетіні сөзсіз. Сондықтан осынау кәсіби мерекелеріңіздің қарсаңында өздеріңізге деген ыстық ықыласымызды білдіруді жөн деп көрдік", - деді Астана қалалық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Сәбит.

Айта кетейік, аталымдар бойынша байқау жұмыстарын бағалау және жеңімпаздарды марапаттау мемлекеттік және орыс тілдерінде өтті. Байқау кезінде телевизия, баспасөз және электронды БАҚ саласындағы үздік шығармашылық жұмыстар анықталды. Сонымен бірге фототілшілер мен таспагерлер де назардан тыс қалмады. Байқау жеңімпаздарына Астана қаласы әкімдігінің дипломы мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Бұл конкурстың маңыздылығының бір парасы - "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі Жасұлан Жолдыбаев та үздіктер қатарынан табылып, әкімдіктің алғысына ие болды.