«ҚазАқпарат» ҰК» АҚ-да басқарма төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ-да басқарма төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды. Оларды ұжымға сейсенбі күні өткен жиналыс барысында «Арна-Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайсар Жанаханов таныстырды.
None
None

Сонымен, басқарма төрағасының ақпарат және шығармашылық жөніндегі орынбасары қызметіне Қаламқас Әбуова, ал басқарма төрағасының экономика және даму жөніндегі орынбасары болып Батырбек Байыс тағайындалды.

Бұрын басқарма төрағасының экономика және даму жөніндегі орынбасары болған Бағдат Телебай «Арна-Медиа» ҰАХ» АҚ-ына басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды, ал басқарма төрағасының ақпарат және шығармашылық жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Кенжеболат Жолдыбай «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды.

Бұдан басқа жиналыс барысында «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дәурен Дияров ұжымның жұмысын одан әрі үйлестіру және агенттіктің болашақтағы жоспарлары туралы айтып өтті.

«Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамы 2008 жылғы шілденің 3-інде Қазақстанның мемлекеттік медиа-ресурстарының жұмысын оңтайландыру және республиканың ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін құрылған. Оның  құрамына жетекші мемлекеттік теле- және радиокомпаниялар, баспа және электрондық БАҚ кіреді, олардың арасында «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ да бар.

Соңғы жаңалықтар