«ҚазАқпарат» Ұлттық компаниясы «Отандық өндіруші» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды
АЛМАТЫ. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - Алматыда бұқаралық ақпарат құралдарының арасында өткен «Отандық өндіруші» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
«ҚазАқпарат» Ұлттық компаниясы «Сапа мен жеделдік» аталымында үздік деп танылып, біздің агенттікке құрмет дипломы табыс етілді.
Конкурстың мақсаты отандық өндірістің, ауыл шаруашылығы саласының тарихына, оның қазіргі жағдайы мен даму перспективасына, нарықтың даму үрдісі мен осы тақырыпты Қазақстан халқының арасында кеңінен таныстыруға жұртшылықтың назарын аудару болып табылады.
Конкурсқа республикалық және өңірлік телеарналардың, баспасөз және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты. Аграрлық сектордың, отандық өндірістің дамуы, жаңа технологиялардың енгізілуі, саламатты халықты қалыптастырудағы бизнестің ролі, азық-түлік қауіпсіздігі тақырыптарына арналған 300-дей материал сарапқа салынды.
Конкурс жеңімпаздарының қатарында - «Казахстанская правда», «Бизнес и власть», «Панорама», «Экспресс-К» газеттері, «Хабар», «Мир», «Қазақстан», телерадиокомпаниялары, бірқатар аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары бар.