12:55, 27 Желтоқсан 2019 | GMT +5
«ҚазАқпарат» ұжымы ұшақ апатынан қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымы Алматыдағы ұшақ апатынан қаза болғандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Қайғылы апаттан зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз.
Қазақстан халқын таңертеңгі қаралы жаңалық есеңгіретіп тастады. Алматының денсаулық сақтау басқармасы қазірге дейін апат 15 адамның өмірін қиып кеткенін хабарлады. Көз жұмғандардың қатарында 1984 жылы дүниеге келген «Informburo» интернет-порталының шығарушы редакторы Дана Круглованың да бары жарияланып отыр. Әріптесіміздің туған-туыстары мен ұжымына көңіл айта отырып, қайғыға ортақ екенімізді білдіргіміз келеді.