«ҚазАқпараттың» көз алдындағы КӨРІКТІ МЕКЕН - АЯУЛЫ АСТАНА! (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат. Қазақстан ақпарат кеңістігінің негізгі ұйымы «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің құрылғанына бүгін 94 жыл толып отыр. Бір ғасырға жуық ғұмыры бар бұқаралық ақпарат құралының әр күні - тарих, әр жазбасы - қатталған ел шежіресінің болашақ қазынасы.

«ҚазАқпараттың» көз алдындағы КӨРІКТІ МЕКЕН - АЯУЛЫ АСТАНА! (ФОТО)

Қазақстанның жүрегі, бар қазақтың мақтанышы аяулы АСТАНА «ҚазАқпараттың» көз алдында көркейді. Елбасы өз қолымен тұрғызған ажарлы Астанамыздың әр көшесіндегі қалт еткен өзгерісті мүлт жібермей дүйім жұртқа, тіпті жер-жаһанға қуана жар салып, жақсылықты жария етуге асығатын да осы - ҚазАқпарат. Бүгін қызметіне 94 жыл толып отырғанына байланысты ел мақтанышы Астана қаласы туралы назарларыңызға агенттік фототілшілері әр жылдары түсірген суреттерден арнайы фоторепортаж ұсынамыз.

Жалпы, 94 жыл қызметінде ақпарат агенттігінде сан саланы қамтитын суреттер қоры жасақталды. Бұл күнде «ҚазАқпараттың» фото мұрағатында 1 000 000-ға жуық фото бар екен. Мұны еліміздің фотосурет шежіресі деуге болатындай. Бұл салада өз ісінің хас шеберлері әр жылдары жұмыс жасады. Олар: Анатолий Устиненко, Юрий Беккер, Иосиф Будневич, Еркебұлан Нұржанов, Михаил Чумин, Николай Кузнецов, Валерий Шипулин. Фотография саласының мэтрі Александр Павский агенттікте қызметін жалғастырып келе жатса, Мұхтар Холдорбеков пен Виктор Федюнин - агенттіктің бүгінгі фотошежіресін жасаушылар.

Олай болса, «ҚазАқпарат» фототілшілері түсірген Астана туралы естелік суреттерді тамашалаңыздар. «ҚазАқпараттың» бүгінгі қуанышы баршамызға құтты болсын!