ҚАЗАҚША КҮРЕС: Түйе палуандар арасында Бас мүфтидің жүлдесі үшін тұңғыш рет жарыс өткізіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 - "Дін мен Дәстүр" жылына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін қазақ күресінен түйе палуандар арасында жарыс өтеді, деп хабарлайды Muslim.kz.
Бәсекеге 18 жастан асқан, салмағы 74 келіден жоғары әуесқой спортшылар қатыса алады.
Жарыс 11 мамыр күні Қазақ жол қатынастар университетінің спорт залында (Бауыржан Момышұлы көшесі, Жетісу-1 шағынауданы, 32 а) басталады.
Тіркелу мамыр айының 5 күні (сағат 14:00 ден 18:00-ге дейін) Таугүл-3 мешітінде өткізіледі. Тіркелуші спортшылар өздерімен бірге төлқұжаттарын ала келулері тиіс. Байланыс тел: +7 701 308 05 04
Жүлде қоры:
I орын жүлдесі, умра қажылық сапары
II орын, теледидар (250 000 теңге)
III орын, екі спортшыға ноутбук (150 000 теңге)