Қазақша күрестен өтетін жарыс Жеңістің 65 жылдығына арналады

АЛМАТЫ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат - Ертең, сәуірдің 18-і күні Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде Жеңістің 65 жылдық мерейтойына орай қазақша күрестен жарыс өтеді.

Қазақша күрестен өтетін жарыс Жеңістің 65 жылдығына арналады

Ұйымдастырушылар - Алмалы ауданының ардагерлер кеңесі.

Қазылар алқасы танымал қазақстандық спортшылар мен Ұлы Отан Соғысының ардагерлерінен құралады.

Спорт әр адам үшін өмірлік қажеттілікке айналуы тиіс, себебі елдің байлығы - оның азаматтарының денсаулығында. Қаланың қоғамдық және спорттық өміріне белсенді араласа отырып, ардагерлер салауатты өмір салтын және 2011 жылғы Азия ойындарына дайындықты насихаттауда. Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, олар мемлекеттің жалпы ұлттық міндеттеріне, атап айтқанда, елдегі өмір сүру ұзақтығын арттыру және ұлт денсаулығын жақсарту үрдісіне лайықты үлес қосып отыр.