Қазақстан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді 2015 жылға жоспарлауда - Е.Орынбаев

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Қазақстан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді 2015 жылға жоспарлауда.

Қазақстан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді 2015 жылға жоспарлауда - Е.Орынбаев

Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев мәлім етті.

«2015 жылы біз 12 жылдық жүйеге көшуді жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты барлық мәселелерді қоғамдық талқылауға шығару қажет деп есептеймін. Мен министрліктің осы бағытта көп жұмыс атқарғандығын білемін. «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» қыруар еңбек жасағандығынан хабардармын. Бірақ бізге бір жерде бас қосып, оның параметрлерін талқылау қажет. Себебі әлемде түрлі тәжірибелер бар. Олардың арасынан бізге лайықтысын анықтап, ең жақсысын отандық жүйеге енгізу керек. Соның негізінде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу қажет», - деді Е. Орынбаев.