Қазақстан 14 елмен әуе қатынасын қайта жандандырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінгі күні 14 елмен әуе қатынасы қалыпқа келтіріліп, рейстер саны аптасына 95-ке дейін көбейтілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан 14 елмен әуе қатынасын қайта жандандырды

«Бүгінгі күні 14 елмен әуе қатынасы қалыпқа келтіріліп, рейстер саны аптасына 95-ке дейін көбейтілді. Ең көп жолаушылар саны Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына келеді, 6 қазаннан бастап 1 миллионнан астам адам мемлекеттік шекарадан өтті. 203 мың адам ПТР-тестен өтіп, 1042 науқас анықталды», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Оның айтуынша, елімізде қыркүйек пен қаңтар аралығында КВИ-ді геномдық зерттеу нәтижелері бойынша коронавирустың жаңа штамдары («Британдық», «Оңтүстік Африка», «Бразилиялық») анықталмады.

«Қазіргі уақытта ақпан-наурыз айларында ПТР-тестің оң нәтижелеріне генетикалық зерттеу жүргізіліп жатыр. Оның мутацияға ұшыраған-ұшырамағаны анықталады», - дейді ол.