Қазақстан 2011 жылы жемістер мен көкөністерді сатып алуға 13 млрд. теңгеден кем емес сома жұмсауды көздеп отыр

АСТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - 2011 жылы ел Үкіметі жеміс-жидектерді сатып алуға 3,3 миллиард, ал көкөністерге 9,7 миллиард теңгеден кем емес сома жұмсауды көздеп отыр. Бұл туралы www.goszakup.gov.kz веб-порталына сілтеме жасап «Электронды коммерция орталығы» ЖШС-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан 2011 жылы жемістер мен көкөністерді сатып алуға 13 млрд. теңгеден кем емес сома жұмсауды көздеп отыр

«Күз айларының жақындауымен жүргізілген жылсайынғы талдаудың нәтижесіне сүйеніп, көкөністерді сатып алулардың арасында бірінші орында әдеттегідей, картоп (5,7 млрд. теңге) тұрғанын атап өте аламыз. Ал жеміс-жидектердің арасында алмалар (1,3 млрд. теңге) тұр. Жалпы алғанда, мемлекет 2011 жылы көкөністерді сатып алуға 9,7 млрд., ал жеміс-жидектерге 3,3 млрд. теңгеден кем емес қаражат жұмсауды жоспарлап отыр», - деп атап өтті «Электронды коммерциялар орталығы» ЖШС-ның басқарма бастығы Сұлтанқажы Ахметов.

Электронды түрде мемлекеттік сатып алуларды өткізу алаңы - ҚР Қаржы министрлігінің тапсырысы бойынша Электронды коммерциялар орталығы әзірлеген - веб-портал болады. Қазақстандық портал мемлекеттік сатып алуларды өткізу үшін ғана емес, тауарларды жеткізушілер, сатып алушылар және өткізілетін келісімдер туралы ақпараттарды орналыстыруға арналған.

ҚР мемлекеттік сатып алулар веб-порталын қолданушылардың саны күн өткен сайын артып, тіркелген пайдаланушылардың саны бүгін 106 мыңға жетті. Порталда барлығы 7 млн. лот және 2,3 млн.-нан астам хабарландыру жарияланды. Соңғы айда порталда 1,4 млн.-нан астам келуші тіркелді. Олардың денін қазақстандықтар құрағанымен, олардың арасында көрші елдердің кәсіпкерлері де аз емес. Мәселен, шілде айында Ресей Федерациясынан 18 мың, Украинадан 3 мың келуші тіркелді. Сондай-ақ порталға Қытай, АҚШ, Германия және Үндістан елдерінің өкілдері де қызығушылық танытуда.