Қазақстан 2013 жылы 22,5 мың тонна уран өндiрдi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 2013 жылы 22,5 мың тонна уран өндiрдi. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрi Әсет Исекешев мәлiм еттi.
Оның тайтуынша, атом саласы жанармай-энергетика кешен саласының маңызды құрамды бөлiгi болып табылады.
"Қазақстан қазiргi уақытта уран өндiрiсi бойынша әлемдiк көшбасшы болып табылатындығын бiлесiздер. Бiз 2013 жылы 22,5 мың тонна уран өндiрдiк. Мұнда 2030 жылға арналған жанармай-энергетика саласын дамытудың кешендi тұжырымдамасында саланың ең басты мiндетi ретiнде елiмiздi ядролық-отынды толық циклда игеретiн мемлекет ету. Бiз өкiнiшке орай уранды тек өндiремiз", - дедi ол.