Қазақстан 2017 жылғы Бүкіләлемдік студенттік қысқы универсиаданы өткізуге өтініш береді

/strong>Тамыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қазақстан 7-ші Қысқы Азия ойындарынан соң да халықаралық маңызы бар спорттық шараларды өткізетін болады. Бұл туралы бүгін Алматыда GSM Қазақстан/Kcell компаниясымен әріптестік жөніндегі келісімге қол қою барысында «7-ші Қысқы Азия ойындарының атқарушы дирекциясы» АҚ президенті Анатөлі Құлназаров айтты.

Қазақстан  2017 жылғы Бүкіләлемдік студенттік қысқы универсиаданы өткізуге өтініш береді

Оның айтуынша, Қазақстан 2017 жылы Бүкіләлемдік студенттік қысқы универсиаданы ұйымдастыруға дайындалады. «Бұл шараны Алматыда өткізуге өтініш білдірмекпіз. Одан әрі қысқы олимпиадалық ойындарды өткізу де жоспарда. Бұған 7-ші Қысқы Азия ойындарын өткізуден жинақтаған тәжірибеміз, спорттық нысандарымыз көмектесетін болады», деді «7-ші Қысқы Азия ойындарының атқарушы дирекциясы» АҚ президенті.