Қазақстан 2017 жылғы жазғы Универсиадада 21 орынға тұрақтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Тайбэй қаласында өткен жазғы Универсиада аяқталды, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Жарыс қорытындысы бойынша, 16 медаль алған (3 алтын, 6 күміс, 7 қола) Қазақстан медаль есебінде 21-ші орынға тұрақтады. Сондай-ақ Түркия қоржынында 16 медаль бар, алайда олар күміс жүлделердің көптігіне байланысты 20-шы орынға тұрақтады.

Бірінші орынды 101 медальмен (37-27-37) Жапония жеңіп алды, екінші орынға 82 медальмен (30-22-30) Оңтүстік Корея тұрақтады. Үшінші орынды 90 марапатпен 26-34-30) Қытайлық Тайбэй қанағат тұтты.

Соңғы жаңалықтар