Қазақстан 2017 жылы Қытайға 50 мың тонна сиыр етін экспорттауды көздеп отыр

«Біз келесі жылы Қытайға 50 мың тонна сиыр етін экспорттауды жоспарлап отырмыз. Етті шекара ашылғанда жөнелте бастаймыз. Үкімет басшысы деңгейінде бұл мәселе шешімін тапты, қазіргі уақытта біздің кәсіпорындардың ветеринарлық сертификаттары мен техникалық аудиттері бойынша жұмыс жасалып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар кемінде 4-5 айға созылады», - дейді ол.
Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық өндірушілердің қазірдің өзінде осындай көлемдегі етті экспорттауға күші жетеді.
Сонымен қатар «ҚазАгро» холдингі басқарма төрағасының орынбасары Айдарбек Қожанасаровтың айтуынша, Қытай нарығы Қазақстанның ет өндірушілері үшін әлеуетті нарық болып отыр. Себебі қазіргі уақытта Қытайда тұтыну мәдениеті күннен күнге ет пен ұн өнімдеріне ойысып барады.
Холдинг өкілінің атап өткеніндей, қытайлық азаматтар өз еліндегі экологиялық мәселелерге байланысты Қытайда шығарылған азық-түліктерден гөрі, көбіне-көп органикалық таза шетел тағамдарын таңдайды.
«Былтыр Қытай 300 мың тонна сиыр етін импорттады. Ал 2010 жылы оның көлемі 23 мың тонна ғана болатын. Демек, он жылда импорт 10 есе ұлғайған», - деді ол.