Қазақстан 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Даниядан жеңілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы 2018 жылы өтетін әлем чемпионатына жүргізіліп жатқан іріктеу матчында дания құрамасына 1:4 есебімен ұтылды, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстан 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Даниядан жеңілді

Қарсыластардың дәрежелеріне қарамастан, қазақстандықтарда жеңіске жетуге жақсы мүмкіндіктер болды. Дания құрамасы бір кездегі атағы жер жарып тұрған ұжым емес, оның үстіне оларда жеңіске жетеміз деген үміт те әлсіз еді. Осыған қарамастан Қазақстан құрамасы жеңіске қол жеткізе алмады.

2017 жылдың 26 нурызы күні еліміздің құрамасы Армениямен кездеседі.

Дания - Қазақстан 4:1 (2:1) Голдар: Корнелиус 15 (1:0), Суюмбаев 17 (1:1), Эриксен пенальтиден 36 (2:1), Анкерсен 78 (3:1), Эриксен 90+2 (4:1) ескерту: Корнелиус 22, Йоргенсен 80 - Ахметов 8, Молдақараев 81 Дания: Реннов, Анкерсен, Кьер, Дурмиси, Квист, Дилани, Йоргенсен, Эриксен, Бьелланд, Поульсен, Корнелиус (Дольберг 82)

Қазақстан: Покатилов, Малый, Ахметов, Мухутдинов, Исламхан (Муртазаев 70), Мужиков (Тұңғышбаев 81), Байжанов, Сүйімбаев, Шомко, Хижниченко, Логвиненко Бас төреші: Алон Йефет (Израиль) 11 қараша. Копенгаген. «Телиа Паркен».