Қазақстан 2024 жылы саяхаттауға арналған үздік әлемдік дестинациялар қатарына кірді
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында еліміздің бірқатар жетістіктеріне тоқталды.
The New York Times нұсқасы бойынша Алматы қаласы үздік 52 туристік бағыттың қатарына енді. Ал, Conde Nast Traveller және Wanderlust Қазақстанды 2024 жылы саяхаттауға арналған үздік әлемдік дестинациялардың қатарына қосты. Сонымен қатар, Conde Nast Traveller Italia «Шымбұлақ» тау курортын ТОП-5 тау шаңғысы дестинациясына енгізген.
«Осы жылдың қаңтар айында ел Үндістанның Today нұсқасы бойынша «Үнді саяхатшыларының жетекші бағыты» атағын алды. Қазақстан Skyscanner деректері бойынша Үндістан нарығы үшін №1 дестинация болып табылады, сондай-ақ биыл Ораза кезінде (Eid Al Fitr) БАӘ туристері үшін ТОП бағыттарды басқарды. Сондай-ақ, Forwardkeys мәліметтері бойынша, Қазақстан Қытайдан келетін туристер ағынын қалпына келтірудің ең жоғары көрсеткішіне ие - өсімнің 212%-ы, бұл Қазақстанды ҚХР азаматтары үшін ең танымал 50 туристік бағыттың қатарына қосады», - деп атап өтті спикер.