Қазақстан 2026 жылға қарай фосфор мен азот тыңайтқыштарын өзі өндіретін болады
«Бүгінде фосфорит кен орындары бойынша «Қазфосфат», «ЕвроХим-Тыңайтқыштар» және «Созақ фосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жұмыс істеп жатыр. Өндірудің жиынтық көлемі 4 млн тонна болмақ. Калий тыңайтқыштары бойынша 4 кен орны бар, олардың үшеуі Батыс Қазақстан облысында және біреуі Ақтөбе облысында.
Біз биылдан бастап 2026 жылға қарай ішкі нарықтың фосфор және азот тыңайтқыштарына қажеттілігін толығымен өтейтін жобаларды бастаймыз»,- деді министр.
Сондай-ақ, бүгінгі Үкімет отырысында Самұрық-Қазына қорының миссиясы қайта қаралады.
«Квазимемлекеттік сектордың рөлін қайта қарау шеңберінде мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіру және «Самұрық-Қазына» қорын реформалау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы бағыт бойынша мемлекет қатысуының нақты өлшемі квазимемлекеттік сектор субьектілерінің жаңа сыныптамасы, сондай-ақ корпоративтік басқарудың жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен модельдері айқындалады», - деді ол.
Фото: agronews.ua