Самұрық-Қазына қорының миссиясы қайта қаралады - вице-министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан сынынан кейін «Самұрық-Қазына» қорының миссиясы қайта қаралатын болды. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото:: sk.kz

«Квазимемлекеттік сектордың рөлін қайта қарау шеңберінде мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіру және «Самұрық-Қазына» қорын реформалау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы бағыт бойынша мемлекет қатысуының нақты өлшемі квазимемлекеттік сектор субьектілерінің жаңа сыныптамасы, сондай-ақ корпоративтік басқарудың жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен модельдері айқындалады», - деді ол.

Айтуынша, «Самұрық-Қазына» бұдан былай жеке инвестицияларды тартуға көбірек көңіл бөлуге тиіс.

«Самұрық-Қазына» қорының миссиясы жеке инвестицияларды тарта отырып, жүйе құраушы жобаларға белсенді ортақ инвестицияларға баса назар аударып, қайта қаралады», - деді вице-министр.

Айта кету керек, кеше өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының жұмысын сынға алған еді.


Фото: www.sk.kz





Соңғы жаңалықтар