Қазақстан 2030 жылға дейін парниктік газ қалдықтарын 15%-ға төмендетпек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ел Үкіметі «ҚР 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын бекiту туралы» Президент Жарлығының жобасын әзірледі. Құжат «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан 2016 жылы Париж келісіміне қол қояр алдында БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы шеңберінде өзінің ұлттық деңгейде айқындалатын үлесін анықтады. Соның негізінде мынадай мақсаттарға қол жеткізу көзделеді:

- Парниктік газ шығарындыларын 1990 жылмен салыстырғанда 2030 жылы желтоқсанға қарай 15%-ға міндетті төмендету;

- қосымша халықаралық инвестициялар, төмен көміртекті технологиялар, Жасыл климаттық қор қаражатын беру тетігіне қолжетімділік және өтпелі экономикасы бар елдер үшін икемді тетік болған жағдайда парниктік газ шығарындыларын 1990 жылмен салыстырғанда 2030 жылғы желтоқсанға қарай шартты түрде 25%-ға қысқарту.

Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы жаһандық климаттық үрдістерді ескере отырып әзірленді», - делінген ашық талқыға шығарылған құжатта.

Ұсынылып отырған стратегия аясында елімізде жасыл инвестицияларды ілгерілету, оларды тарту, тиімді энергия өндірісі және басқа да жаһандық климаттық үрдістерге бейімдеу жұмыстары қолға алынады.


Соңғы жаңалықтар