Қазақстан 2030 жылы ауаны ластайтын газдардың таралуын 25%-ға азайтуды жоспарлап отыр - В. Школьник
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 2030 жылы ауаны ластайтын газдардың таралуын 1990 жылмен салыстырғанда шартсыз мақсаты ретінде 15%-ға, шартты мақсаты ретінде 25%-ға азайтуды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Астанада "Қазақстанның улы парниктік газдардың таралуын азайту бойынша 2021-2030 жылдарға арналған ұлттық міндеттемелері" атты семинарда ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.
"Біз xалықаралық үдерістердің толыққанды мүшесі ретінде жаһандық мақсаттардың орындалуына және тұрақты шешімдерге өз үлесімізді қосып келеміз, оның шініде климат мәселелері де кіреді. Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық экономиканың тұрақтылығына қол жеткізу бойынша, соның ішінде ЕҚЫҰ аясында "жасыл" теxнологияларды дамыту және инвестициялық жобаларды қолдау бойынша xалықаралық орталықты Астанада құру жөніндегі ұсынысы әлемдік қауымдастықтың жоғары бағасына ие болды. Өздеріңіз білесіздер, "жасыл" теxнологияларды дамыту әлемнің тұрақты дамуының 13 мақсатының бірі болып табылады. Ол климаттың өзгеруіне қарсы күрес және оның салдарларын алдын алуға септігін тигізетін жолдардың бірі. Осыған орай Энергетика министрлігі ҚР Президенті жанындағы "жасыл" экономика кеңесінде Лима қаласында өткен 20-шы конференцияда қабылданған шешімді, парниктік газдарды азайту бойынша ұлттық мақсаттарды тағы бір талқылаудан өткізген болатын", - деді министр.
Оның атап көрсеткеніндей, Қазақстан 2030 жылы ауаны ластайтын газдардың таралуын 1990 жылмен салыстырғанда шартсыз мақсаты ретінде 15%-ға, шартты мақсаты ретінде 25%-ға азайтуды жоспарлауда.
"Бұл - өз кезегінде ұлттық экономиканы көмірқышқылдан азайту бойынша кешенді шараларды жасауды талап ететін өте үлкен мақсат", деп түйді ойын В. Школьник.