Қазақстан 2030 жылы Мәскеудің ЕХРО өткізуге кандидатурасын қолдады
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Қазақстан Мәскеудің 2030 жылы ЕХРО өткізуге кандидатурасын қолдады. Бұл туралы бүгін Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен келісссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз халықаралық бастамаларды өзара қолдау туралы да уағдаластық. Қазақстан ешқандай құбылмай-ақ Мәскеудің 2030 жылы ЕХРО өткізу орны ретіндегі кандидатурасына қолдау көрсеткенін атап өткім келеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
ҚР Президенті ресейлік әріптесімен келіссөздер барысында өңірлік, сонымен қатар жаһандық күнтәртібіне қатысты өзекті мәселелердің қозғалғанын атап өтті.
«Жалпы, біздің ұстанымымыз өзгеріссіз қала беретіндігін атап өткім келеді», - деді Мемлекет басшысы.