«Қазақстан-2050 қозғалысы: «Нұр Отан» жеңісі азаматтық қоғамды жандандыра түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан-2050» қозғалысының белсенділері сайлаудағы «Нұр Отан» партиясының жеңісі мемлекеттік міндеттерді шешуде азаматтық қоғамды жандандыра түсетініне сенімді. Бұл пікірді ОКҚ-да өткен брифингте ұйымның атқарушы директоры Әсел Шәрібаева білдірді.

 «Қазақстан-2050 қозғалысы: «Нұр Отан» жеңісі азаматтық қоғамды жандандыра түседі

«Өз таңдауын жасаған Қазақстан халқы бірлікті, жоғары патриотизмді көрсетті. «Нұр Отан» жеңісі азаматтық қоғам күшін мемлекеттік маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік беретініне сенеміз. Қоғамдық ұйым ретінде осы үрдісте барынша белсенді болғымыз келеді», - деді ол.

Сондай-ақ Ә. Шәрібаева жаңартылған құрам басқарушы партия айтқан реформаларды іске асыруды жалғастыратынына сенімділік білдірді. Бұл ел экономикасының өсімін қамтамасыз етеді.

Еске салсақ, ҚР ОСК алдын ала қорытындысы бойынша «Нұр Отан» 82,15%, ҚКХП - 7,14%, «Ақ жол» - 7,18%, «Бірлік» - 0,29%, ЖСДП- 1,18%, «Ауыл» партиясы - 2% дауыс жинады.