Қазақстан 28 маусымда Ыстамбұлда орын алған террористік актіні қатаң айыптайды - СІМ мәлімдемесі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 2016 жылғы 28 маусымда Ыстамбұл қаласында орын алған террористік актіні қатаң айыптайды. Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі осындай мәлімдеме таратты.
None
None

«Түркия үкіметіне және бауырлас халыққа, осы зұлымдық әрекет құрбандарының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісіне қарсы ымырасыз күресті өзінің толық қолдайтынын растай отырып, терроризмге қарсы кең ауқымды халықаралық коалиция (желі) құру арқылы осы бағыттағы халықаралық әрекеттерді үлестіруді барынша нығайтуға шақырады»,  - делінген мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, Ыстамбұлдың халықаралық әуежайында жарылыс болды. Оқиға салдарынан түрлі деректерге сәйкес 31-32 адам қаза тапқан. Соңғы мәлімет бойынша 147 адам зардап шеккен.  Жарылыстар сериясы халықаралық терминалда орын алды.

 

Соңғы жаңалықтар