Қазақстан 3-4 жылда толығымен энергоүнемдегiш шамдарға көшуi ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 3-4 жылда толығымен энергоүнемдегiш шамдарға көшуi ықтимал. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте «Қазақстан Республикасындағы энерготиімділік және ресурс үнемдеу» қоғамдық палатасының Басқарма төрағасы Әлібек Қабылбай мәлiм еттi.
None
None

"Мемлекет энерготиiмдi жарық шамдарын қолданудың арқасында 7 млн. КВт/сағат электр энергиясын үнемдей алады. Бұл өте үлкен көрсеткiш. Дегенмен қалыпты шамдарға тыйым салу - энерготиiмдiлiктi сақтаудың алғашқы қадамы ғана. Қосымша шаралар қабылдау қажет. Елде отандық энерготиiмдi шамдарды шығару саласын жолға қою керек. Бiр қуантарлығы, Қазақстанда ондай зауыттар бар. Егер бұрын қалыпты шамдарды да шығармай келген болсақ, қазiрде диодты жарық шамдарын жасайтын 12 кәсiпорын жұмыс iстеуде", - дедi ол.

Оның айтуынша, ҚР Үкiметi БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен бiрлесiп, елдегi ескi шамдарды аталмыш заманауи, энерготиiмдi шамдарға алмастыру жобасын қолға алынып отыр. Шамамен 3-4 жылда Қазақстандағы әлеуметтiк нысандардағы, мемлекеттiк ғимараттардағы және көшелердегi шамдар толығымен алмастырылмақ.

Соңғы жаңалықтар