Қазақстан 33 елмен вакцинация паспорттарын өзара тану туралы келісімге келген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан әлемнің 33 елімен вакцинация паспорттарын өзара тану туралы келісімге келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Вакцинация паспорттарын өзара тану жөнінде 2 қаулы қолданыста, оның ішінде негізгі қаулы – 2021 жылғы 26 қазандағы № 48 қаулы, оған 2022 жылғы 18 наурыздағы №15 қаулымен өзгерістер енгізілді.

Бүгінгі таңда әлемнің 33 елімен (Аргентина, Армения, Беларусь, Белиз, Боливия, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Грузия, Үндістан, Индонезия, Иордания, Иран, Испания, Канада, Қырғызстан, Мальдив, Моңғолия, Молдова, Перу, Сан-Марино, Сербия, Таиланд, Тунис, Түркия, Өзбекстан, Филиппин, Черногория, Чехия, Шри-Ланка, Эквадор, Эстония, Жапония) өзара паспорттарды тануға қол жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар