Қазақстан 50 мың тонна қант қызылшасын Қырғызстанға жөнелтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Жамбыл облысының әкімдігі отандық зауыттар өңдеп үлгермеген қант қызылшасын Қырғызстанға жөнелту үшін бюджетте субсидия бөлмекші. Қоғамдық талқылауға шығарылған әкімдік қаулысыны жобасында осындай мәлімет айтылған.

қант қызылшасы
Фото: Дмитрий Ерофеев, Жұмабай Мұсабеков

- 2024 жылы егілген қант қызылшасы дақылының 11,3 мың гектарынан таза салмақта 600 мың тоннадан астам өнім алынды. Мерке қант зауыты жоспарланған 450 мың тонна өнімді қабылдайды. Қалған 100 мың тонна өнім Жетісу облысындағы Ақсу қант зауытында өңделетін болады. 

Осыған орай, қалған 50 мың тонна өнімді Меркі қант зауыты арқылы Қырғыз Республикасында орналасқан Қайыңды және Қошой қант зауыттарына тасымалдау жоспарланып отыр. Қырғыз Республикасында орналасқан Қошой және Қайыңды қант зауыттарына Меркі қант зауыты арқылы жіберілетін өнімнің тасымалдау шығындарын субсидиялау қажет, - деп жазылған анықтамада.

Құжатта дақыл өсіру шығындарын есептеудің негіздемесі қайта қаралғаны айтылады.

- Сонымен қатар, материалдық-тауарлық қажеттіліктердің қымбаттауына байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге кеткен шығындарының ғылыми-экономикалық негіздемесін қайта қаралды.

Аталған қаулы жобасын қабылдау өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы және өнім сапасын арттырады, - делінген қаулы жобасында. 

Бұған дейін жетісулықтар аязда қант қызылшасына кезекте тұруға мәжбүр екені айтылған еді. 

Соңғы жаңалықтар