«Қазақстан 51-ші халықаралық математика олимпиадасын қарсы алады» декадасы өтеді

АЛМАТЫ. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Қазанның 1-інен сәуірге дейінгі аралықта еліміздің Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан 51-ші халықаралық математика олимпиадасын қарсы алады» декадасын өткізеді,

«Қазақстан 51-ші халықаралық математика олимпиадасын қарсы алады» декадасы өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық математикалық олимпиада - 1959 жылдан бері  жоғарғы сынып оқушылары арасында  өткізіліп келе жатқан математикадан әлем чемпионаты.

Қазақстан ТМД елдері ішінде аталмыш олимпиаданы бірінші болып өз жерінде өткізу мәртебесіне ие болып отыр. 51-ші Халықаралық математикалық олимпиада 2010 жылы шілденің 6-сы мен 15-і аралығында Астана қаласында өтеді. Оған 110 елден келген 300-ден жоғары командадан 600-ге жуық жас математик қатысады.

Аталмыш олимпиадаға қатысқан кезеңдерде қазақстандық оқушылар 62 медаль ұтып алған, оның 8-і алтын, 17-сі күміс және 37 қола медаль.

Осындай айтулы шара қарсаңында оқушылардың математикаға деген ынтасын жоғарылату үшін Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан 51-ші халықаралық математика олимпиадасын қарсы алады» декадасын өткізбек.