Қазақстан 9 елмен вакцина паспорттарын тану бойынша келіссөздер жүргізуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі 9 елмен COVID-19-ге қарсы вакциналау паспорттарын өзара тану бойынша келіссөздер жүргізілуде. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

«Бүгінгі таңда Аргентина, Армения, Әзербайжан, Иордания, Индонезия, Марокко, Өзбекстан, Ресей, Филиппиндер және т.б. мемлекеттермен COVID-19-ге қарсы вакциналау паспорттарын өзара тану бойынша келіссөздер жүргізілуде», - делінген министрлік хабарламасында.

Еске салсақ, қазақстандықтар жеті елге ПТР тест тапсырмай сапарлай алады.



Соңғы жаңалықтар