21:56, 16 Наурыз 2013 | GMT +5
Қазақстан адам дамуының деңгейі бойынша 69-ыншы орында
АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Норвегия, Австралия, АҚШ, Нидерланды және Германия әлемде адами дамудың ең жоғары деңгейі бойынша алдыңғы бестікте тұр.

Бұл туралы адам дамуы жөніндегі баяндамада (2013 жылғы) айтылды, деп хабарлады Росбалт.
Баяндама БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен дайындалды және ол түрлі мемлекет тұрғындарының өмір деңгейі мен әлеуметтік қорғалуы, денсаулық көрсеткіштері, халықтың білім деңгейі мен мәдени дамуы, сондай-ақ қылмыстылық жағдайы мен қоршаған ортаны қорғау туралы мәліметтерді қамтиды.
Құжақта сәйкес, Беларусь, Ресей және Қазақстан тиісінше 50-ші, 55-ші және 69-ыншы орындарға жайғасты. Грузия, Украина, Әзірбайжан және Армения сынды мемлекеттер сәйкесінше 72, 78, 82 және 87-інші орындарға орналасты.
Адам дамуының көрсеткіштері бойынша тізімнің соңында Нигер, Конго Демократиялық Республикасы, Мозамбик, Чад және Буркина-Фасо мемлекеттері тұр.