Қазақстан адам құқығы саласында Әмбебап мерзімді жан-жақты шолу рәсімінен өтуге дайындалуда

АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астанада БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі кеңесі аясында Қазақстанның әмбебап мерзімді жан-жақты шолу рәсімінен өту шарасының алдындағы дайындық жұмыстарына арналған семинар өтіп жатыр,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Әмбебап мерзімді жан-жақты шолу - төрт жылда бір БҰҰ-ға мүше барлық елдердің адам құқығы саласындағы саясатқа саралайтын Адам құқығы жөніндегі кеңестің жаңа тетігі.

 «Бүгінде БҰҰ-ға мүше 80-ге жуық мемлекет  Әмбебап мерзімді жан-жақты шолу бойынша есептерін ұсынып, олардың барлығы Адам құқығы жөніндегі кеңестің тарапынан тыңдалды. Аталған кеңестің тізбегіне сәйкес Қазақстан бұл рәсімнен алдағы жылдың ақпан айында өтеді», -деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің  ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мәдина Жарбосынова.

 Оның айтуынша, семинардың мақсаты - Әмбебап мерзімді жан-жақты шолудан өту мәселесі бойынша мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін таныстыру.

 Адам құқығы саласында Қазақстан халықаралық келісімдер мен пактілерінің барлығына қосылғанына тоқталған М. Жарбосынова, «осы орайда 2008 жылы да адам құқығы саласында біздің өз міндеттерімізді жүзеге асыру жолында қарқынды қадамдар жасалды», деді.

Соңғы жаңалықтар