Қазақстан АЭА қызметін жақсарту шараларын әзірлеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі арнайы экономикалық аймақтар қызметін жақсартуға бағытталған шаралар әзірлеуде. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Мажарстан бизнес форумында ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов айтты.
None
None

«Қазіргі уақытта елуден астам қазақстандық-мажарлық бірлескен кәсіпорындар жұмыс істеуде. Мен және Үкімет бірлескен кәсіпорындар қатарын мұнан да арттыра түсуге мүдделілік танытады», - деді ол.

К.Мәсімовтің атап өтуінше, ҚР Үкіметі аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін инвестициялық ахуалды жақсартуға ерекше назар аударуда. Бұған қоса, бұл мәселе Қазақстанның мемлекеттік органдарының жіті бақылауында тұр.

«Біз нақты, түсінікті әрі транспарентті ереже қабылдадық. Арнайы экономикалық аймақтардың қызметін жақсартуға бағытталған келесі топтама әзірленуде. Біз инвестициялар жөніндегі омбудсмен институтын енгіздік. Ол тікелей Инвестициялар және даму министріне бағынады», - деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар