Қазақстан Airbus әуе кемелерін бағдарламалық жаңарту жұмысын толық аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM – Азаматтық авиация комитеті Қазақстан бүгін, 29 қараша күні Airbus әуе кемелерінің бағдарламалық жаңартуын толық аяқтағанын хабарлады.

Airbus
Фото: taipeitimes.com

Осы жылдың 28 қарашадағы Airbus компаниясының директивасына сәйкес, қазақстандық әуе компаниялары пайдаланатын Airbus үлгісіндегі әуе кемелерінде бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту жұмыстары толық аяқталды.

Қазіргі уақытта Airbus үлгісіндегі барлық әуе кемеcі талаптарға толықтай сәйкес келеді және штаттық режимде эксплуатацияланып жатыр.

– Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық жағдайға түсіністік танытқан барлық жолаушыға алғыс білдіреміз. Қазақстан Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі, әуе компанияларының техникалық-инженерлік құрамы, сондай-ақ елдің әуежайлары барлық авиациялық процестің үздіксіз жұмысын және қауіпсіздік стандарттарының сақталуын қамтамасыз ете отырып, қажетті жұмыстарды жедел түрде орындады, - делінген хабарламада.

Қазақстанда Airbus ұшақтарындағы бағдарламаны жаңарту бүгін аяқталатынын жазған болатынбыз.

Airbus ұшақтарына қатысты жағдайға байланысты Call-орталық іске қосылды.

Франция мен Жапонияда Airbus жаңартуына байланысты 130 рейс тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар