Қазақстан академиялық есуден өткен халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Мәскеуде (Ресей) академиялық есуден халықаралық турнир өтті.

Қазақстан академиялық есуден өткен халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, аталған жарыста Қазақстан құрамасы үш жүлдеге ие болды.

Әйелдер арасында LW1x санатында (2000 метр) Мария Чернец 8:37.35 уақыт көрсеткішімен қола жүлдені жеңіп алды.

Спринт жарысында (500 метр) Иван Чернухин мен Владислав Яковлев 1:35.27 нәтижесімен күміс жүлдеге қол жеткізді.

Ал дәл осы бағдарламада Тимур Фомичев пен Ярослав Мельников 1:40.71 уақытпен үшінші орынға табан тіреді.

Айта кетейік, Таиландта байдарка және каноэмен есуден Азия чемпионаты басталды.

 

Соңғы жаңалықтар