Қазақстан АҚШ пен Ресей арасындағы санкциялық теке-тірестің күшеюіне алаңдаулы - Елбасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан АҚШ пен Ресей арасындағы санкциялық теке-тірестің күшеюіне алаңдаулы. Бұл туралы бүгін Қазақстан аумағында құрылған Халықаралық төмен байытылған уран банкін ресми ашу салтанатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
None
None

«XXI ғасырдағы тұрақтылық пен ядролық қауіпсіздік ең бірінші кезекте ресми ядролық державаларға байланысты. Олардың арасында қарым-қатынас адамзат үшін басты әрі айқындаушы мәнге ие. Бүгінде біз АҚШ пен Ресей арасындағы санциялық теке-тірестің күшеюіне алаңдаулымыз. Бұл әлемдегі екі жетекші ядролық мемлекет арасындағы шиеленісті күшейте түседі деп санаймыз. Бұл барша адамзатты алаңдатпай қоймайды», - деді Елбасы.

Осы ретте Мемлекет басшысы сауда-экономикалық жанжалдың күштік теке-тіркеске ұласып кетуіне жол бермеу барынша маңызды екендігін баса айтты.

«Корей Халықтық Демократиялық Республикасы төңірегіне қатысты жайтта біз БҰҰ Қауіпсізідiк кеңесінің 2371 қарарын түбегейлі қолдаймыз. АҚШ, Ресей және Қытай сынды үш ядролық мемлекеттік ынтымақтастығы үшін байыпты тұғырнама дәл осы мәселеде басталуы мүмкін деп есептейміз. Бүгінде уақыт үш затты талап етеді. Олар: жаһандық үйлесімділік, саяси ерік -жігер, табанды өзара іс-қимыл», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті халықарлық тыныс-тіршілікті саяси сенім мен жүйелі диалогқа қайта оралту қажеттігін де баса айтып өтті.

«Қазақстан өзінің бітімгершілік миссиясына адал, өзінің хал-қадірі мен мүмкіндігінше күрделі әлемдік проблемаларды шешуге үлес қосып келеді. Өздеріңізде білетіндей, өткен жылы сирияаралық келіссөздердің бес кезеңі Астанада өтті. Олар әскери іс-қимылдың тоқтауына түрткі болды. Сонымен қатар Алматыда Иранның ядролық проблемасына қатысты келіссөздер жүргізілген болатын. Мұнан бөлек, Қазақстанның ресейлік-түркиялық бүлінген қарым-қатынасты дұрыс жолға қоюға да өз үлесін қосқаны құпия емес. Біз бітімгершілік бағытта одан ары да көмек көрсетуге дайынбыз. Қазақстан Украинаның оңтүстік-шығысындағы дағдарысты шешуге де біраз қадам жасады және диалогты одан ары ілгерілетуге жәрдем беруге дайын. Біз аталған жанжал тараптарын оны еңсеру жолдарын табуға шақырамыз»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар