Қазақстан АҚШ тарапын жасыл технологиялар орталығын құруда қолдау жасауға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан БН-350 реакторын пайдаланудан шығару бойынша АҚШ-пен бірлескен жұмыстарды жалғастыруға үмітті. Бұл туралы бүгін Астанада АҚШ Энергетика министрінің орынбасары Дэн Бруйллэттпен болған кездесуден кейін ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл тақырып біздің мәлімдемеге енген жоқ, алайда оны талқыладық. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен таратпау режімін тереңдету үшін БН-350 реакторын пайдаланудан шығару бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыруға үміт артамыз», - деді Қ. Бозымбаев.

Сонымен қатар министр ЭКСПО базасында құрылып жатқан Халықаралық «жасыл» технологияларды дамыту орталығын қолдау мен ынтымақтастық мүмкіндіктері ұсынылатынын жеткізді.

«Бұдан бөлек, бүгінгі кездесу барысында Америка Құрама Штаттары тарапынан Ресей Федерациясына қойылатын санкцияларға байланысты шектеулер америкалық және қазақстандық капиталдың қатысуымен мұнай-газ жобаларын тиімді іске асыруға әсер етпеуі тиіс деген пікірімді білдірдім. Осы орайдағы қадамдар транзиттік мұнай және газ құбырлары арқылы әлемдік нарықтарға энергия ресурстарын еш кедергісіз тасымалдауға мүмкіндік береді деген сенімдеміз», - деді Қ.Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар
telegram